Ссылки доступа

БҰҰ баяндамашысы: Қазақстанда 15 мыңға жуық мүгедек жан оқшауланып қалған


БҰҰ Қазақстан билігіне мүгедектерге арналған үйлерді біртіндеп жабуға кеңес береді. Елге сапарын қорытындылаған БҰҰ өкілі ондай мекемелерде "зорлық-зомбылық тым жиі байқалады" деп мәлімдейді.

БҰҰ-ның мүгедектер құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Каталина Девандас Агилар Қазақстанда мүгедектерді қоғамнан оқшау ұстайтын мекемелерде 15 мың адам тұрады, олардың ішінде балалар да бар деп мәлімдеді.

Ол қыркүейктің 4-інен бері Қазақстанда ресми сапармен жүр.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Каталина Девандас Агилардың мәлімдеуінше, мүгедек жандардың құқығын қорғау конвенциясына сәйкес, ондай адамдардың әлдебір бөлек интернаттарда емес, жұрттың бәрімен тең өмір сүруге хақы бар.

- Үкіметке ондай мекемелерге жаңа науқастарды қабылдауға мораторий жариялап, ондай мекемелерді жабудың нақты жоспарын жасауды және мүгедек жандарды қоғамдастық деңгейде демеу жүйесін дамытуға кеңес беремін. Әлгі мекемелерде тұру ешқашан жеңілдік немесе әлеуметтік тұрғыдан қорғау ретінде қарастырылмауы тиіс, - дейді Каталина Девандас Агилар.

XS
SM
MD
LG