Ссылки доступа

Қазақ киношылары "Матильда" фильмін көрсетпеу туралы хат алған


Қазақстанда "Арман" киножелісінің директоры Бауыржан Шүкенов Алексей Учительдің "Матильда" фильмінің прокатынан бас тарту туралы электрондық үндеу алғанын айтады.

Бауыржан Шүкенов Facebook әлеуметтік желісіне белгісіз Ресей азаматынан ірі киножелі, кинотеатр директорларына және кино прокатпен айналысатын менеджерлерге қарата жасаған үндеуін алғанын айтады.

""Матильданы" көрсетуден бас тартыңдар. Ластан алшақ болыңдар. Өздеріңнің жандарыңды өлтіру арқылы пайда таппаңдар", – делінген екен мәтінде.

Үндеу иелері дін қызметкері Всеволод Чаплиннің "егер "Матильда" көрсетілетін болса, Ресей өледі" деген сөздерін мысалға келтірген екен.

Ресейде киноны көрсетуге қарсы дума депутаты Наталья Поклонская фильмде болашақ император Николай II мен балерина Матильда Кшесинская діндар адамдардың сезімдерін балағаттайды деген.

Кино көпшілікке 26 қазаннан бастап көрсетіле бастайды.

XS
SM
MD
LG