Ссылки доступа

Тәжікстанда 1 қазаннан бастап электрге тарифтер көтеріледі


Тәжікстанда 1 қазаннан бастап электр тарифі 15 пайызға қымбаттайды деп хабарлады «Барки точик» энергия холдингі. Тиісті қаулыға ел президентінің өзі қол қойған екен.

Электр энергиясы кВт. сағатына 16.85 дирамға (2 цент шамасы) көтерілмек. Қазіргі бағасы 14.65 дирам болған. «Барки точик» энергия холдингі тарифтің көтерілуі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қатысты емес дейді. Олардың шығынын үкімет жабуға уәде берген екен.

Биыл ақпан айында «Барки точик» компаниясы кейбір тұтынушыларға ғана тарифті көтерген.

Тәжікстанда электр энергиясын біртіндеп қымбаттату процесі Дүниежүзілік банктің жылына екі рет 20 пайызға көтеру туралы нұсқауы бойынша жүзеге асып келеді. Тәжікстан үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы тиісті меморандумға 2006 жылы қол қойылған.

XS
SM
MD
LG