Ссылки доступа

Ашхабадқа ұшып келушілерді жеке телефондарына дейін тексеріп жатыр


Ашхабадқа ұшып келген азаматтардың жеке телефондарына дейін тексеріп жатыр деп хабарлайды Азаттық радиосының түркімен қызметіне 27 жастағы Миве (аты-жөні өзгертілген - ред).

“Ашхабадқа келе салысымен әуежайдың қызметкерлері қолымдағы телефонымды тартып алып, жеке ақпараттарды оқи бастады", - дейді Миве.

Ол Лондоннан келгенде, телефонындағы шетелдік азаматпен бірге түскен суреттерін көріп, әуежай қызметкерлерінің тергеуге алғанын айтады.

“Менің жігітімнің кім екенін сұрай бастады. Сосын Түркіменстанда жігіттер құрып қалды ма, шетелдік неге керек деп айқайлады", - дейді Миве.

Оның сөздерінше, өзімен бірге келген екі құрбысының да телефондарын алып, тексерген.

Түркіменстан астанасында 17-27 қыркүйек аралығында V-Азия ойындары өтеді.

XS
SM
MD
LG