Ссылки доступа

Тәжікстанда президент тікұшағының қалағынан әуежай басшысы қаза тапты


Қайғылы оқиға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Таулы Бадахшан автономиялық облысына сапары кезінде орын алды. Президент тікұшағы қалағының қатты екпінінен Хорог әуежайының басшысы Дилдор Максудшоев құлап, басы тасқа жарылған.

Максудшоев ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Хорог әуежайының басшысы тәжік президентімен Дарваз ауданына еріп барған шенеуніктердің арасында болған.

Марқұмды жерлеу рәсімі 14 қыркүйекте өтеді.

Эмомали Рахмон оқиға орын алғанда жұмыс сапарымен Дарваз ауданындағы Шамсиддин Шохин ауылында болған.

Қайғылы оқиға орын алған аудан биыл судың астында қалған. Президент табиғи апаттан зардап шеккендермен кездескен.

XS
SM
MD
LG