Ссылки доступа

АҚШ Украинаның Ресеймен шекарасына бітімгерлерді орналастыруды қолдайды


АҚШ Украинаның Донбасқа бітімгерлерді орналастыру ұсынысын қолдады. БҰҰ-ның бітімгерлік күші Украинаның шығысындағы Ресей шекарасына дейінгі сепаратистер бақылау жасайтын аймаққа орналасуы тиіс. Осылай деп АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Нойерт украиналық "Укринформ" агенттігінің сұрақтарына жауап берді.

Нойерттің пікірінше, БҰҰ бітімгерлік күші Украинаның территориалдық тұтастығы мен егемендігін қалпына келтіруге көмектесуі тиіс. Украина ішіндегі іріткі заңдасып кетпеуі үшін, мұндай күштің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кең мандаты болуы керек деп атап өтті Нойерт.

Ол сонымен бірге АҚШ-тың Минск келісімінің толық орындалуын жақтайтынын да еске салды. Ол үшін алдымен Донбаста қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек деп, Ресейді "соғысты толығымен тоқтату режимін" енгізуге шақырды.

Ресей осының алдында Украинаның шығысындағы жанжал алаңынан әскери техниканы шығарғаннан кейін, жарты жылға қарулы бітімгерлерді енгізуді ұсынған. Оларды тек ғана ЕҚЫҰ бақылаушылары ғана қадағалауы тиіс деген.

Украина бітімгерлік күші сепаратистер бақылайтын барлық аймаққа, оның ішінде өздерін өздері жариялаған Донецк және Луганск халықтық республикасы аймағына да кіргізуді талап етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG