Ссылки доступа

Ашхабад: сумен қамтамасыз ету мекеме қызметкерлері күдікті затты байқамағаны үшін жұмыстан шығарылды


"Ашхабатагызсув" сумен қамтамасыз ету мекемесінің бірнеше қызметкері жұмыстан шығарылған. Олар қауіпсіздік қызметінің мекемеге оқу-жаттығу мақсатында тыққан "жарылғыш затты" таба алмаған. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзі хабарлайды.

Ашхабадтан жеткен хабарға қарағанда, өткен аптада қауіпсіздік қызметі кәсіпорын аймағына оқу-жаттығу мақсатында "жарылғыш зат" тастап кеткен. Келесі күні келіп, тексергенде, күдікті затты ешкім байқамаған.

Нәтижесінде "Ашхабатагызсув" кәсіпорнының екі қызметкері және күзетшісі жұмыстан шығарылған.

Кәсіпорын өкілдері бұл жәйтқа түсініктеме беруден бас тартты.

15 тамызда Түркіменстан үкіметі Азияда ойындарының басталуы қарсаңында елдегі қауіпсіздікті күшейтті.

XS
SM
MD
LG