Ссылки доступа

Мемдепартамент: АҚШ Чийгоздың сотталуына алаңдайды


АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Қырым татарлары мәжілісінің (ресми емес парламент) төраға орынбасары Ахтем Чийгозға шығарылған үкімге қатысты алаңдаушылығын білдіреді. Америкалық дипломатиялық мекеменің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде осылай делінген.

АҚШ мемлекеттік департаменті Чийгозға қарсы іс "Ресейдің түбекті басып алғанға дейін тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген негізсіз айыпқа" негізделген деп атап өтті.

Кремльдің бақылауындағы аннексияланған Қырымның жоғарғы соты 11 қыркүйекте қырым татарлары халқының лидерлерінің бірі Ахтем Чийгозды сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Оны 2014 жылы 26 ақпанда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыптайды.

Адам құқықтарын қорғайтын халықаралық ұйымдар Чийгозды босатуды талап етті.

XS
SM
MD
LG