Ссылки доступа

Қырғыз үкіметіне ГЭС бойынша чехиялық "Лигласс Трейдингпен" келіссөзді тоқтатуды ұсынады


Қырғызстан үкіметі "Лигласс Трейдинг" компаниясымен келіссөзді тоқтатуға тиіс. Осылай деп Жогорку Кеңеш отырысында депутат Жанар Акаев мәлімдеді.

Ол көптеген әлемдік БАҚ-тың Қырғыз билігі ГЭС салуда тәжірибесі жоқ чехиялық "Лигласс Трейдинг" компаниясымен келіссөзге отырды деп хабарлап қойды деді. Бұл компанияның қаржылық жағдайы да күмән келтіреді дейді. Депутат мүмкін болғанша тезірек аталған компаниямен келіссөзді тоқтатуға тиіс деп мәлімдеді.

""Лигласс Трейдинг" компаниясының банк есеп шотында 382 млн евро бар дегені де жалған болып шықты. Олар осы уақытқа дейінгі алған міндеттемесін әлі орындаған жоқ. Әлі күнге дейін "РусГидроға" берешек 37 млн долларды аударған жоқ. Олар бұл қаражатты 22 тамызға дейін аудару керек болған. Ал 18 қыркүйекке дейін 16 млн долларды аудару керек еді. Қыркүйектің ортасы болды. Әлі ешқандай ақша жоқ. Ал үкімет болса, олардың адвокаты болып отыр", - деді депутат.

Еске сала кетейік, Liglass Trading CZ Қырғызстан аумағынан 10 кіші ГЭС салу үшін тендер ұтып алған. Осыдан кейін әлемдік БАҚ чехиялық компанияның өз елінде банкротқа ұшырағаны туралы ақпарат берді.

Әу баста Қамбар ата-1 мен Жоғарғы Нарын сарқырамасына ГЭС салу жөнінде Қырғыз үкіметі Ресеймен келіскен. Келісім шарт 2012 жылы жасалған. Бірақ Ресей құрылыс жұмысын бастап, кейін тоқтатып тастағаннан кейін, қырғыз тарабы келісімді бұзған. Сол себептен Қырғызстан Ресейге 37 млн долларды қайтару керек болған.

XS
SM
MD
LG