Ссылки доступа

Өзбекстанда әкімнен "таяқ жеген" мектеп директоры мұны әдепкі жағдай дейді (видео)


Өзбекстанның Сырдария өңірінің мектеп директорының бірі жиналыстарда жергілікті басшылықтың қарамағындағыларға қол көтеруі әдепкі жағдай екенін айтады. Жергілікті әкімнің мектеп директорларын ұрып жатқаны көрсетілген видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен еді.

Аты-жөнін айтуды жөн көрмеген директор әлеуметтік желілерде көрсетілген видео тек шектен шыққандықтың бір көрінісі ғана дейді.

"Бізде мұндай оқиғалар үнемі орын алады. Әкімдер фермерлерді де, дәрігерлерді де ұрады. Оларды тіптен аяқтан тепкен кездер де болады", – дейді ол.

Чиновник избивает директоров школ: громкая история из Узбекистана
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:05:06 0:00

Мектеп директорының сөздерінше, оқиға 28 тамызда орын алған.

"Күндіз аудан алаңында Тәуелсіздік күніне орай мереке өтті. Бір сағат қалғанда ғана бізге қоңырау шалып, барлық мұғалімдерді алаңға жинаңдар деді. Ал біз болсақ бұл кезде жаңа оқу жылына дайындалып жатттық. Бірақ әкім бізді көп адам апармағанымыз үшін ұрды. Ол менің бетімнен үш рет шапалақтады", - дейді мектеп директоры.

Бірақ оның құқық қорғау органдарына шағымдану ойы да жоқ. Бәрібір әділеттілік болмайды дейді.

Ал Сырдария өңірінің прокуратурасы видеодағы ұру фактісіне қатысты тергеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG