Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев 17 қыркүйекте Түркіменстанға барады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруымен 17 қыркүйекте Түркіменстанға барады деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Мемлекет басшысы Ашхабадта өтетін жабық ғимараттағы жекпе-жек өнері бойынша V Азия ойындарының ашылу салтанатына қатыспақ.

Сапар барысында Өзбекстан президентінің өзге елдердің басшыларымен екіжақты кездесулері жоспарланған.

Жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындары Түркіменстан астанасында 17−27 қыркүйек аралығында өтеді. Жарысқа Өзбекстаннан 189 спортшы қатысады.

XS
SM
MD
LG