Ссылки доступа

АҚШ Ресей мен Қытайды Солтүстік Кореяға қарсы шара қолдануға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Ресей мен Қытайды соңғы ұшырған зымыранынан кейін, Солтүстік Кореяға нақты шара қолдануға шақырды.

Мәскеу мен Бейжің Пхеньянның жауапсыз әрекетіне төзімсіздігін мәлімдеу керек деді АҚШ мемлекеттік хатшысының басшысы. Ресей Солтүстік Корея азаматтарының мәжбүрлі еңбегін пайдаланып отыр, ал Қытай Пхеньянға мұнай жеткізеді деді Тиллерсон.

Жұма күні таңертең Солтүстік Корея жаңа зымыранын сынақтан өткізді. Зымыран 19 минөт шамасында 3700 шақырым қашықтықта ұшқан. Ол Жапония үстімен өтіп, Тынық мұхиттың шығыс жағына құлаған.

Таяуда ғана Пхеньян Жапонияны "суға батырып", АҚШ-тың "күлін көкке ұшырамыз" деп сес көрсеткен.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның әрекетіне қатысты жұма күні төтенше жиналыс өткізбек.

XS
SM
MD
LG