Ссылки доступа

ТСДП: Ислам партиясымен байланысты біржола үзгенбіз


Тәжікстанның Социал демократиялық партиясының лидері Рахматилло Зоиров Таулы Бадахшандағы өкілі Алим Шерзамоновты Польша астанасында Тәжікстанда тыйым салынған ислам партиясы ұйымдастырған жиынға қатысқаны үшін айыптады.

«Алим Шерзамоновтың Тәжікстандағы Исламның қайта жаңғыруы партиясының Варшавада өткен жиналысында сөз сөйлеуі саяси және идеологиялық қателік болды», - делінген Зоиров таратқан мәлімдемеде.

Зоировтың сөздерінше, Социал демократиялық партия 2013 жылдың күзінде ислам партиясымен қарым-қатынасын тоқтатқан. Алим Шерзамоновтың іс-әрекеті таяуда партияның саяси кеңесінде талқыланады деді социал демократтар лидері.

Алим Шерзамонов ислам партиясы ұйымдастырған «Тәуелсіздіктен репрессияға дейін» деп аталатын жиынға Социал демократиялық партия атынан қатысқан.

Ислам партиясы Тәжікстанда террористік ұйым ретінде тыйым салынған. Оның лидерлері былтыр ұзақ мерзімге сотталды.

XS
SM
MD
LG