Ссылки доступа

БАҚ: ФСБ Ресейдегі жаппай эвакуациялауға түсініктеме бермеуді бұйырған


Ресейдің ІІМ мен Төтенше жағдайлар министрлігі жаппай эвакуациялауға қатысты түсінімекте бермеу жөнінде Қауіпсіздік жөніндегі федералды қызметтен (ФСБ) тапсырма алған. Бұл жөнінде "Ведомости" басылымы дереккөзіне сүйеніп хабарлайды.

10 қыркүйекте Ресейдің барлық қалаларында құқық қорғау органдарына анонимді қоңырау шалынып, ғимараттарда бомба қойылғаны айтылған. Сол күні мемлекет бойынша кемінде жүз мыңнан астам адам ғимараттардан сыртқа шығарылды.Бірақ біреуі де расталған жоқ.

"Христианское государство – святая Русь" қозғалысының лидері Александр Калинин бомба қойылды деген ақпаратты Алексей Учительдің "Матильда" фильмін көрсетпеуіне наразы топ жасап отыр дейді. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, қоңырау Украина аумағынан шалынған. ІІМ мен Төтенше жағдайлар министрлігі антитеррористік жаттығу екенін теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG