Ссылки доступа

Ұйымдастырушылар ойы: Ашхабад ойындары президенттің кезекті рекордымен аяқталады


V-Азия ойындарының ұйымдастырушылары жарыстың жабылу салтанатына дайындалып жатыр. Онда мемлекет басшысының қатысуымен ерекше көрсеткіш тіркеледі.

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов өзінің жаңа әнін орындайды, оны 7,5 мың адам қосылып айтады. Ән "Ядымда" деп аталады.

«Шетел мамандарына бұл идея ұнай қойған жоқ, бірақ олар оны қабылдауға мәжбүр, өйткені жергілікті ұйымдастырушы сценарийге түзету енгізе алады.

Азаттық дереккөзінің сөзіне қарағанда, түркімен ұйымдастырушылары ойынды дәл осылай жапқан дұрыс болады деп есептейді. Әзірге президент әнін қатысушылардың барлығы жаттап үлгермеген. Бірақ олар президенттің екі жыл бұрынғы рекордын қайта жаңғыртуға қатысады.

2015 жылы қарашада Мары қаласында концерт залының ашылу салтанатында президент Бердымұхамедовтың «Алға, алға, тек қана алға, Түркіменстаным!» әнін төрт мың адам орындаған.

Песня президента Бердымухамедова стала еще и гимном Азады-2017
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00

XS
SM
MD
LG