Ссылки доступа

АҚШ RFE/ RL тілшісі Николай Семенаның сотталуын айыптайды


Құрама Штаттар билігі өткен аптада Қырымда сотталған "Азат Еуропа / Азаттық радиосының" (RFE/RL) тілшісіне шығарған үкімді айыптайды деп мәлімдеме таратты. Сот 66 жастағы Николай Семенаны сепаратизм айыбымен екі жарым жыл шартты бас бостандығынан айырып, журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды.

«Семена өзінің материалында Қырымды аннексиялауға тырысқан ресейлік оккупацияны сынға алғаны үшін сотталып отыр», — делінген АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысы Хизер Нойердің мәлімдемесінде. Ол Ресей билігінен Семенаға шығарған үкімді қайтарып алып, журналистік қызметін жалғастыруға мүмкіндік беруге шақырады. Әрі Қырымда өзгеше ойлайтындарға қысым көрсетуді тоқтатуды талап етеді.

«Қырым Украинаның бір бөлшегі ретінде қала береді. Құрама Штаттар Украина егемендігі мен аумағының тұтастығын қолдайтын ұстанымында қала береді», - дейді Хизер Нойер.

«Крым.Реалии» деген RFE/RL жобасында жұмыс істейтін Николай Семена былтыр 19 сәуірде ұсталған. Оған Ресей Федерациясы аумағының тұтастығына қарсы әрекет етті деген айып тақты. Журналист бұл істің саяси астары бар деп, украин тілінде жазылған өзінің мақаласы орыс тіліне дәлме-дәл аударылмағаны үшін айыпталып отырғанын айтады.

Еуропалық одақ пен халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұл іске алаңдаушылығын білдіретіндерін айтқан. RFE/RL корпорациясының президенті Том Кент те Николай Семенаға шығарылған үкімді айыптайды.

Том Кент: "Этот приговор должен быть отменен"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

XS
SM
MD
LG