Ссылки доступа

Тәжікстанда "адам саудасымен айналысады" деген үш компанияға іс қозғалды


Тәжікстанның бас прокуратурасы азаматтарын шетелде жұмыспен қамтитын үш компанияға қарсы қылмыстық іс қозғады. Заңды қадағалау мекемесінің мәліметі бойынша, үш компания атынан кеткен тәжікстандықтар араб елдеріне барғанда, құлдыққа тап болған.

Қылмыстық іс «Джамол-2012», «Имкон-2015» және «Абдолкарим» компания басшыларына қатысты қозғалған. 2016 жылы және 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында аталған компаниялар Сауда Арабияға бірнеше еңбек мигранттарын жіберген. Бірақ олардың бәрі араб еліне барғанда, еңбек ақысыз жекеменшік үйге қызмет істеген.

Биыл маусым айында 46 жастағы тәжік азаматы Шамсия Асаналишова Тәжікстанның сыртқы істер министрлігінің араласуымен Сауд Арабия елінде құлдықтан құтқарылған. Ол бірнеше ай бойында үйдің қожайындарынан жәбір көріп, азаптауға шыдамай полицияға хабар берген.

XS
SM
MD
LG