Ссылки доступа

Оқушыларына лағнет айтқан өзбек мұғалімі ескерту алды (видео)


Әндіжан халықтық білім беру бөлімінің басшылығы дәріс кезінде екі оқушысына лағнет айтқан №40 мектептің мұғалімі Нигора Маткаримованы жұмыстан шығарып, жазаламайтын болып шешті. Тек ауызша ескерту жасаған.

Бірнеше күн бұрын Өзбекстанның Әндіжан қаласы №40 мектептің 50 жастағы мұғалімі Нигора Маткаримованың дәріс үстінде екі оқушысына лағнет айтқан сөздері түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.

Андижанская учительница: Ребенок, что, упал в обморок от страха или у него пошла кровь из носа?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:55 0:00

Белгілі болғандай, бұл оқиға биыл мамыр айында орын алған. Екі оқушы ата-анасына мұғалімі туралы шағым айтқан.

Әндіжан қалалық халықтық білім беру бөлімінің басшы орынбасары Мұхиддин Тұрғынбаев видео желіге тарап кеткеннен кейін, мұғалімге әзірге ескерту жасап, оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрғанын айтты.

"Мектептің әкімшілігі шешім қабылдауы тиіс. Біз тек мұғалімге ескерту жасадық. Шын мәнінде бұл мектепте әзірге директор жоқ. Халықтық білім беру бөлімі меңгерушісі уақытша директор қызметін атқарып отыр", – деді Мұхиддин Тұрғынбаев.

XS
SM
MD
LG