Ссылки доступа

"Коммерсантъ" Ресей қорғаныс министрлігі тарихындағы ірі пара туралы айтты


Полковник Александр Вакулин жеке компаниямен келісім-шартқа отырарда "қамқорлық" жасағаны үшін 368 миллион рубль пара алды деген күдікпен ұсталып, қазан айының соңына дейін қамауға алынды деп жазады "Коммерсантъ" газеті. Басылымның мәліметінше, бұл РФ қорғаныс министрлігі тарихындағы ең ірі пара.

Қорғаныс министрлігінің азық-түлік басқармасын техникамен қамтамасыз ету бөлімінің 46 жастағы басшысы мекемені қажетті техникамен қамтамасыз етуде келісім-шартқа отырар кезде пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу ісі бойынша, полковник кәсіпкерлерге "қамқорлық" жасағаны үшін пара алған.

Вакулин ісін маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Виталий Данилов жүргізіп жатыр.

2012 жылдың қазан айында "Оборонсервис" компаниясына қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Қорғаныс министрлігінің мүлік жөніндегі департамент басшысы Евгения Васильева ірі көлемде пара алды, көлеңкелі ақшаны заңдастырды деген айыппен бес жылға сотталған. Бірақ бір айдан кейін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.

XS
SM
MD
LG