Ссылки доступа

Қырғызстан ОСК сайлау бюллетендерін басып шығаруға кірісті


Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 15 қазанда өтетін президент сайлауына қатысты сайлау бюллетендерін шығаруға кірісті. Бұл жөнінде ОСК баспасөз қызметі хабарлайды.

Бюллетендерді басып шығару процесін ОСК қызметкерлері мен сайлау комиссиясы мүшелері қадағалайтын болады. Қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету үшін сағат сайын бланктерді алдын ала тексеріп отырады.

Заңға сәйкес, сайлау бюллетендері сайлау күнінен кем дегенде 10 күн бұрын басып шығарылуға тиіс. Бұл процесті ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері күзетеді.

Қырғызстан бойынша 2375 сайлау учаскесі бар. 25 қыркүйек бойынша сайлаушылар саны әзірге 2 млн 919 мың 729 адам.

XS
SM
MD
LG