Ссылки доступа

Тәжікстанда көлік апатынан кейін Калашников автоматтары жоғалып кеткен


Тәжікстанда милиция қызметкерлері Калашников автоматтарын іздестіріп жатыр. Бұл автоматтар суға батып кеткен “Нива” көлігінде болған. Өткен аптада сол "Нива" көлігінде болған тәжік шекарашысы Хайробод ауданындағы таулы өзенде батып кеткен.

Таулы Матча ауданының прокуроры Әзизмұрод Сабыров жол апатының техникалық себептермен болғанын айтты.

"Әскери шекарашылар Хайробод ауылына қарай бет алған. Олар тауға көтеріліп, асудан өте берген кезде, көлік оталмай қалып, төмен қарай тартқан. Көліктен жүргізуші мен төрт шекарашы секіріп үлгерген. Бір жолаушы үлгермей, суға батып кеткен", - деді аудан прокуроры.

Көлікті судан шығарған кезде, онда жатқан жеті автомат жоқ болып шыққан.

Қазір адам денесі мен қару-жарақтар іздестіріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG