Ссылки доступа

Өзбектің диссидент жазушысы Түркиядан отанына оралмақ


63 жастағы өзбек жазушысы «Ақ үйдегі түндер» әңгімесінің авторы (кейін бұл әңгіменің желісі бойынша фильм түсірілді) Нұрулло Отаханов (Нұруллох Мұхаммад Рауфхон) отанына оралуға шешім шығарды.

Соңғы жылдары Түркияда тұрып келген жазушы Стамбұлдан Ташкентке ұшар алдында президент Шавкат Мирзияевтың отандастарын еліне оралуға шақырғанын қабыл алғанын айтты.

Ол екі жыл бұрын Ferfir баспасының шақыруымен Стамбұлға барған.

"Бұл баспа мені кітабымның тұсау кесер рәсіміне қатысуға шақырған. Түркияда "Бұл күндер" («Бу кунлар») деген Өзбекстан тәуелсіздігінің даму кезеңі сынға алынатын кітабым жарық көрді. Кітап шыққаннан кейін, маған түрлі қысымдар көрсетіле бастады. Достарым әзірге Өзбекстанға бармауға кеңес берді", ‒ дейді жазушы.

"Бұл күндер" кітабында Нұрулло Отаханов Ислам Каримов құрған жүйені сынға алған. Осы кітабы үшін ол "халық жауы" атанады. 2013 жылдың аяғында Нұрулло Отахановты аяқ астынан «Мовароуннахр» баспа үйінің директоры қызметінен алады.

Биыл тамыз айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мыңдаған адамды "қара тізімнен" алып тастауын талап етіп, шетелде қашып жүргендерді отанына шақырған.

XS
SM
MD
LG