Ссылки доступа

Өзбекстан қырғыздың Ош қаласына мектеп салып береді


Ошта Өзбекстанның қаржысымен Әлішер Науаи атындағы мектептің құрылысы басталды. Ғимарат 630 оқушыға арналған. Құрылыс жұмыстарын өзбектің «Трест12» және «БунёдГрандСервис» компаниялары жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы көлемі 4 мың шаршы метр болады.

Үш қабатты жаңа мектепте оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде ғимараттың тек іргетасы ғана аяқталған.

Сонымен бірге өзбекстандық тарап, 1936 жылы салынған мектепті қайта жөндеуден өткізіп бермек.

Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барған кезде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа Оштағы жаңа мектептің құрылыс жобасымен таныстырған.

XS
SM
MD
LG