Ссылки доступа

Ресей азаматы қырғыздың Megacom операторын сатып алуға өтініш берген


Ресейлік кәсіпкер Елена Нагорная Megacom ұялы операторы бренді бойынша танымал «Альфа Телеком» компаниясының 100 пайыз акция пакетін сатып алуға өтініш берді.

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қор инвестор Қырғызстан үкіметі қойып отырған 13,5 млрд сом мен қосымша 7 пайыз комиссия жарнасын төлеуге дайын деді. Барлығын қосқанда, 14,5 млрд сом (шамамен 213 миллион АҚШ доллары) шығып тұр.

"25 қыркүйекте қор «Альфа Телеком» компаниясын сатып алуға өтініштер қабылдауды тоқтатты. Тек Ресей азаматынан бір ғана өтініш түсті", - делінген мекеме таратқан мәлімдемеде.

Қазіргі кезде қор кәсіпкермен әрі қарай келіссөздер жүргізіп жатқанын айтады.

Мемлекеттік мүлікті басқару қорының ресми сайтындағы мәлімет бойынша, өтініш беруші 41 жастағы Елена Нагорнаяның жеке кәсібі бар және азық-түлік қауіпсіздігі саласында қоғамдық іспен айналысады. Жүк тасымалдау, шәй және кофе шығару және сату саласында тәжірибесі бар. Мемлекеттік дума жанындағы өндіріс жөніндегі сарапшылар кеңесінің мүшесі.

Қырғызстан үкіметі "Альфа Телеком" компаниясын аукционға 2015 жылы қойған. Бірақ осы уақытқа дейін инвесторлар табылмаған. Осыдан кейін үкімет компанияны тікелей саудаға қойды.

XS
SM
MD
LG