Ссылки доступа

АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларын қатайтты


"Қара тізімге" Солтүстік Кореяның 8 банкі және қаржы жүйесіне байланысы бар 26 жеке тұлғасы енгізілді. Олар Солтүстік Корея банктерінің Қытай, Ресей, Ливия және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өкілдері.

АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучиннің мәлімдеуінше, қабылданған шаралар Солтүстік Кореяны оқшаулауды көздейді. Сол арқылы Құрама Штаттар бейбіт жолмен Корей түбегінде ядросыз аймақ құрғысы келеді.

Бұған дейін Вашингтон Солтүстік Корея сыртқы істер министрінің "АҚШ КХДР-ге соғыс жариялады, енді Пхеньян өз шекарасында америкалық әскери ұшақтарды атып түсіре алады" деген мәлімдемесін "бос сөз" деп атады.

Қыркүйектің басында КХДР алтыншы ядролық сынағын өткізіп, БҰҰ қарарын бұзды. Оған жауап ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкцияларын қатайтты.

XS
SM
MD
LG