Ссылки доступа

Украина билігі: Винницадағы әскери қойманың жарылуына "сыртқы фактор" себеп болды (видео)


Украина премьер-министрі Владимир Гройсманның мәлімдеуінше, Винница облысының Калиновкаға жақын маңдағы әскери бөлімдегі қару-жарақ қоймасының жарылуына сыртқы фактор себеп болған.

"Алды ала айтар болсақ, сарапшылар қойма өздігінен тұтанбаған, оның сыртқы себептері болған деп есептейді", - деді ол.

Бас штаб Калиновкадағы қоймада өрттің тұтануын диверсия болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Мұнда елдегі ең ірі қару-жарақ қоймасы сақталған.

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Зорян Шкиряктың пікірінше, бұл "ресейлік диверсия" болуы мүмкін. Бұл туралы ол фейсбукте жазды.

Қоймадағы өрт жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 22-де басталған. 30 мың адам көшірілді.

Әскери қоймада 188 мың тонна қару-жарақ сақталған.

XS
SM
MD
LG