Ссылки доступа

Тәжікстанда "қаржы пирамидасының" алты жетекшісі алаяқтық үшін сотталды


Тәжікстанда “Хафт бурдж” компаниясының алты жетекшісі алаяқтық қылмыстары үшін түрлі мерзімдерге сотталды. Бұған дейін Тәжікстанның бас прокуратурасы «Хафт бурдж» компаниясын қаржы пирамидасы деп атаған.

Компания жетекшілерінің бірі Осимджон Маруфов 8 жылға сотталды. Компанияның негізін қалаушылар Олим Маруфов пен Ориф Расулов 10 жылға түрмеге отырды. Саидджон Садуллоев, Рахимбек Саидов және Шарифбек Хушмахмадов 11 жылға сотталды.

Соңғы үшеуіне 2015 жылы 125 мың доллар иемденді деген айыппен іздеу жарияланған.

Азаматтар желідегі бизнес мүшесі болу үшін 130, 260, 500, 2000 немесе 9000 доллар төлеген. Олар бұл кәсіпке басқа да азаматтарды тарту арқылы пайда тапқан.

«Хафт бурдж» компаниясына 158 азамат арызданған.

XS
SM
MD
LG