Ссылки доступа

Бағдад Ирактағы Күрдістан басшылығына әуежайларды тапсыруға үш тәулік берді


Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади 26 қыркүйекте Ирактағы Күрдістан басшылығына барлық шекара пунктері мен әуежайларды басқаруды Бағдадқа беруге үш тәулік мұрсат берді.

«Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, әуежайлар федералдық үкімет басқаруына өтпеген жағдайда Бағдад Ирактағы Күрдістанға ұшатын халықаралық рейстерге тыйым салады. «Рейтерс» мәліметіне қарағанда, ультиматум орындалмаса, Бағдад көрші елдерді күрд автономиясымен шекараны жауып тастауын сұрайды.

Ирактағы Күрдістанға (Эрбил және Сулеймания әуежайлары) әуе рейстерін Германия, Иордания және Түркия жасайды. Жексенбі күні Ирактағы Күрдістанмен әуе қатынасын Иран үзді.

Ирак премьер-министрі Бағдад Конституция бойынша жұмыс істейтінін, референдум нәтижелерін қабылдамайтынын мәлімдеген. Ирактағы Күрдістан референдумнан соң өзін тәуелсіз ел деп жариялаған.

Ирактағы Күрдістан президенті Масуд Барзани сейсенбі күні Ирак үкіметін келіссөздерге шақырды. Ол әлемдік қауымдастықты миллиондаған азаматтың таңдауын сыйлауға шақырды.

XS
SM
MD
LG