Ссылки доступа

Тәжікстанда бірқатар білім орталығы шетелде оқуды жарнамалағаны үшін лицензиядан айырылды


Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі «Мультикид» және ТМ-International білім орталықтарын шетелге оқуға жіберу лицензияларынан айырды. Тағы бір SCORP TJ білім орталығы жабылды.

«Бұл мекемелердің рұқсат құжаттары болмаса да, маман даярлау, шетелге азаматтарды оқуға жіберу ісімен айналысып келген», - деп мәлімдеді білім беруді қадағалау жөніндегі агенттік төрағасы Алидод Расулзода.

Оның сөздерінше, кейбір орталықтар білім министрлігінің ескертуінен кейін, бағыттарын өзгертіп, ел ішінде шет тілін үйретумен айналыса бастаған. «Білім орталықтарының бұл қызмет түріне еш қарсылығымыз жоқ», - дейді шенеунік.

Осыған дейін білім орталықтары шетелдегі оқу орындарына түсу үшін арнайы көрмелер ұйымдастырып келген. Мәселен, ТМ-International көрмесінде Малайзияның жоғары оқу орындарын жарнамалаған.

1 сәуірде «Мультикид» білім орталығының Душанбеде өткізген шетелде білім алу көрмесін милиция қызметкерлері келіп, таратып жіберген болатын.

XS
SM
MD
LG