Ссылки доступа

Түркіменстанда Азия ойындары жабылу қарсаңында билет сатып алу қиынға соққан


Түркіменстан астанасында он күн бойында өткен жабық ғимараттағы V Азия орйындарының жабылу қарсаңында билет сатып алу талас-тартысқа ұласқан.

Билеттердің бағасы 7 манаттан басталып,100 манатқа жеткен (7 манат шамамен 2 АҚШ доллары болады).

"Түркіменстандық спортшылардың өнерін тамашалау үшін билет сатып алу талас-тартысқа ұласты. Елде түркімен күресі, бокс, кикбоксинг өте танымал. Жарысқа бірер күн қалғанда, билет табу қиынға соқты", - дейді Азаттыққа сұхбат беруші.

Жарыстарға билеттерімен келген көрермендерді жеке куәліктерімен мұқият тексеруден өткізген екен. Сұхбат берушінің айтуынша, ойынның жабылуына үш күн қалғанда, жарыстарға қалта телефонмен, фотоаппарат және камералармен кіргізуге тыйым салған.

XS
SM
MD
LG