Ссылки доступа

"БАҚ туралы" заң жобасында "насихат" сөзіне түсініктеме енгізілген


Қазақстанда ақпарат және коммуникация министрлігі БАҚ мәселесі жөніндегі заң жобасына "насихат" сөзіне түсініктеме беруді ұсынады. Оның анықтамасы Қазақстандағы заңдық актілердің бірінде де жазылмаған екен. Бұл жөнінде ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында мәлімдеді.

Министр Абаев "насихат" дегенде теріс идеяларға қатысты екенін айтады. Яғни суицидті, терроризмді, радикалды діни көзқарасты, ұлттық және нәсілдік араздықты насихаттау.

Министр сонымен бірге "БАҚ туралы" заң жобасында жеке бастың, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды таратуға келісім алуды міндеттеу ұсынылғанын да айтты.

—Біз журналистерге шенеуніктердің қымбат көліктері немесе қанша жылжымайтын мүлігі бар деген ақпаратты жариялауға тыйым салмаймыз. Бұлар жоғарыда келтірген құпия тізімге енбейді. Шенеуніктердің туыстарына қатысты мәліметтер де құпиялылыққа жатпайды, — дейді Дәурен Абаев.

Министр мемлекеттік органдардың журналистер жіберген сұраққа жауап беруді 15 күнге дейін созуға да түсініктеме берді. Ол соңғы кезде БАҚ тарапынан сұрақтар көлемі көбейіп кеткенін, олардың мұқият жауап беру үшін уақыт кететінін айтады.

XS
SM
MD
LG