Комиссия шешімді жариялағанға дейін, Ирак парламенті Киркукқа әскер жіберу туралы шешім қабылдаған. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.
Парламент Ирак премьер-министрі Хейдар әл-Абадиге елдің тұтастығын сақтауды міндеттеп, даулы аймаққа әскер жіберуді тапсырған.
2014 жылы Киркукты пешмергалар (күрд жауынгерлері) бақылауына алған.
Бағдад референдумды Конституцияға қайшы деп атады. Ирак премьер-министрі дауыс беру нәтижесін алып тастауға шақырған. Күрд автономды аймақтың Ирактан тәуелсіздік алуына Түркия, Иран елдері қарсы шықты. Тегеран мен Бағдад даулы аймақта соғыс өрті тұтанып кетеді ме деп қауіптенеді.