Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары президент сайлауы алдында парламент отырыстарына қатыспайтын болған


«Азаматтық платформа» қоғамдық қоры Жогорку Кеңеш депутаттарының сайлауалды штабы жұмыстарында "шапқылап", парламент отырыстарына қатысудан қалғанын мәлімдеп, наразылығын білдірді.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері «ҚР Жогорку Кеңеш депутаттарының мәртебесі туралы» заңдағы депутаттардың міндеттерін еске салды.

«Жогорку Кеңеште болып жатқан отырыстардан депутаттар қатарының аздығын көруге болады. Олар халық алдындағы өздерінің міндеттемелерін толық орындап отырған жоқ», - деп есептейді қор өкілдері.

Осыған байланысты «Азаматтық платформа» Жогорку Кеңеш депутаттарын мемлекет ресурсын жекелеген кандидаттардың мүддесіне пайдаланбауға шақырады.

XS
SM
MD
LG