Ссылки доступа

Тәжікстанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді (видео)


Душанбе көшелерінде және Тәжікстанның басқа да ірі қалаларында қару асынған әскер және милиция қызметкерлері пайда болды. Қауіпсіздік шараларының күшейтілуі елдегі қоғамдық тәртіпті күзетуге байланысты, деп хабарлады Тәжікстан ІІМ баспасөз қызметі.

Қарулы милиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің әскер қызметкерлері, бұған қоса әскери көліктер Душанбе орталығында жүр. Қалада жаяу милиция күзеті көбейген.

Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, шетел елшіліктерінде, стратегиялық нысандар мен әкімшілік ғимараттарында күзет күшейтілген.

Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы Умарджони Эмомалидің мәлімдеуінше, астанада қауіпсіздік шарасының күшейтілуі қоғамдық тәртіпті сақтау мен терактілердің алдын алу үшін жасалып отыр. Министрлік теракт қаупі туралы басқа ешқандай мәлімет берген жоқ.

Жергілікті сарапшылар билік шындықты жасырып отыр деп есептейді. Астана тұрғындары бұған алаңдап отыр. Тәжік журналисі Әлішер Зарафидің пікірінше, билік қылмыстық топтарға қарсы операция жүргізіп жатқан болуы керек.

В Душанбе усилены меры безопасности
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:12 0:00

Тәжікстан билігі қауіпсіздік шараларын мемлекеттік және діни мерекелерде, саммиттер мен халықаралық шараларда, құқыққорғау органдарының әскери дайындығын тексеру кезінде күшейтеді.

XS
SM
MD
LG