Ссылки доступа

HRW Өзбекстан билігін диссидент жазушыны босатуға шақырды


Халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы өзбек жазушысы, диссидент Нуриллох Отахановтың (Нуруллох Мұхаммад Рауфхон) ұсталуына алаңдайды.

"Биліктің жазушы-диссидент Нурулло Мұхаммад Рауфхонның ұстауы алаңдатады. Оның үстіне президент Шавкат Мирзияев Өзбекстандағы адам құқығына қатысты жағдайды жақсарту туралы мәлімдемесінен кейін осындай жағдай болып отыр", - делінген HRW ұйымының Орталық Азия жөніндегі өкілі Стив Свердловтың мәлімдемесінде.

Human Rights Watch Өзбекстан билігін жазушы Отахановты босатуға шақырды. Ұйым оның кінәлі деуге дәлел жоқ деп есептейді. Бұған қоса HRW республика билігін адам құқықтарын сақтауды көздейтін халықаралық міндеттерін орындауға шақырды.

Еске салайық, жазушы Нурилло Отаханов Стамбулдан Ташкентке 26 қыркүйекте оралды. Оны құқыққорғау органдарының қызметкерлері Ташкент әуежайында ұстап, милиция бөліміне жеткізді. Қазір ол Ташкенттің Яшнабад аудандық ішкі істер департаментінің абақтысында отыр.

Тергеушілер Отахановты оның "Бу кунлар" ("Бұл күндер") кітабының идеясы үшін ұстағанын айтты. Бұл кітапты Өзбекстанның министрлер кеңсесіне қарасты дін істері жөніндегі комитеті "экстремистік" деп таныған.

XS
SM
MD
LG