Ссылки доступа

Путин мен Ердоған Анкарадағы кездесуде Сирия мен Ирактағы жағдайды талқылайды


Ресей президенті Владимир Путин 28 қыркүйекте Анкарада Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесіп, Сирия мен Иракқа қатысты мәселелерді талқылайды. Путин Түркияға бір күндік сапармен барады. Екі ел басшылары үш күн бұрын телефонмен сөйлесіп, Ирактың Күрдістан автономиялық аймағындағы тәуелсіздік туралы референдумды талқылаған.

Ердоған әкімшілігі 27 қыркүйекте Путинмен келіссөзде екі жақты қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық мәселелер, оның ішінде Сирия мен Ирактағы жағдайлар талқыланатынын хабарлаған.

Мәскеу мен Анкара Сириядағы соғыста өзара қарсы тараптарды қолдайды. Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асадты, ал Түркия мен АҚШ Асадқа қарсы соғысып жатқан түрлі бүлікшіл топтарды қолдайды. Бірақ Ресей, Түркия мен Иран осы айдың басында Астанада өткен келіссөзде Сирияның солтүстігіндегі оппозициялық күштер бақылауында тұрған Идлиб провинциясында деэскалация аймағын құруға келіскен. Сирияның басқа аймақтарында шілдеден бері үш деэскалация аймағы құрылып, жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG