Ссылки доступа

Қырғызстан парламенті қырғыз-өзбек шекарасы туралы келісімді мақұлдады


Қырғызстан парламенті қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын үш оқылымда қабылдады.

Парламенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиналысқа қатысқан 97 депутаттың барлығы құжаттың қабылдануына дауыс берген. Заң жобасын талқылау жабық өтті.

Жогорку Кенеш заң жобасын бірінші оқылымда 21 қыркүйекте қабылдады. Парламент мақұлдауынан соң бұл құжатқа Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері Ташкентте Алмазбек Атамбаевтың сапары кезінде қол қояды. Қырғыз басшысының көрші елге сапары 5 қазанда басталады.

Қырғыз-өзбек шекарасы туралы келісімге 5 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың Бішкекке сапары кезінде қол қойылды. Үкіметтің ресми мәліметіне қарағанда, бұл құжатта 1378 шақырымдық мемлекеттік шекараның 1170 шақырымы сипатталған. Қалған 208 шақырым (15%) мәртебесі жыл аяғына дейін анықталады.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара мәртебесі анықталмағандықтан, көрші халықтар бірнеше мәрте қақтығысып қалды.

XS
SM
MD
LG