Ссылки доступа

Тәжікстанда дүркіретіп той өткізгені үшін, шенеунікке 2 мың доллар айыппұл салды (видео)


Тәжікстан ұлттық кітапханасында басшы болып істеген Сайфиддин Назарзодаға ұлының тойын дүркіретіп өткізгені үшін сот 12 мың сомони (1350 АҚШ доллары) айыппұл салды

Тәжікстан соты той өткізу ережесін бұзғаны үшін бірінші рет мемлекеттік қызметкерді соттап отыр.

Ташкент аудандық сотының судьясы Исмоили Сомони Хабибуллоевтың құдасы Сайфиддин Назарзодаға да 5 мың сомони немесе 560 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынғанын айтты.

Сот отырысы кезінде Назарзода мен оның адвокаты судьялар үкіметтің сөздерін сөйлеп отыр деп наразылықтарын білдірген.

Экс-директора НБТ и его свата оштрафовали на $2 тыс. за пышную свадьбу
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:46 0:00

Сайфиддин Назарзода ұлы Фирдавсаның үйлену тойын «Шоира Люкс» мейрамханасында өткізіп, 300-ден астам қонақ шақырған. Той өткізу ережесінде шақырылған қонақтар 150 адамнан артық болмауы тиіс делінген.

Сайфиддин Назарзода 21 қыркүйекте сот залында үйлену тойын келінінің туыстары көтергенін айтты. Бірақ Назарзода туралы репортаждан кейін, ол бірден қызметінен алынды.

XS
SM
MD
LG