Ахмедияровқа билік өкіліне тіл тигізді деген айып тағылған. Тергеу ісі 29 шілдеде, жегілікті полиция өкілі Әділ Тұрмановтың шағымынан кейін басталған.
"Ол маған қоңырау шалып, мені ішкі істер басқармасына тез кел деп шақырды. Мен ол кезде қалада емес едім. Мен оған бара алмайтынымды айттым. Бірақ соған қарамастан ол табандап тұрып алды. Мен сол кезде "... кет" деп айтқан сияқты болдым, - деген еді Лұқпан Ахмедияров өзінің полицияға бармай қалуының себебін түсіндірген кезде.
Оралдық журналист Лұқпан Ахмедияров «Уральская неделя» газетінде істеп жүрген кезінде бірнеше рет шабуылға тап болды. Жергілікті шенеуніктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері де оны сотқа берген.