Ссылки доступа

Винница түбіндегі әскери қоймадағы өрт Украина қауіпсіздігіне жасалған соққы деп аталды


Винница түбіндегі оқ-дәрі сақтайтын қоймадағы өрт - Украинаның қорғаныс қабылетіне жасалған үлкен соққы. Осылай деп елдің ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Александр Турчинов мәлімдеді. Оның сөздерінше, дәл осындай оқиға Донбаста қақтығыс басталар алдында болған.

Турчинов өрттен оқ жарақтарының басым бөлігі жойылып кетті дейді. Бұл оқиға Украинаның әскери арсеналын қорғай алмайтынын көрсетеді деп атап өтті ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Украинада ірі әскери қоймада өрт 27 қыркүйекке қараған түні болды. Снарядтар әлі күнге дейін жарылып жатыр. Украина билігі өрт шығынын 800 млн долларға бағалап отыр.

Украинаның әскери прокуратурасы істі диверсия ретінде тергеп жатыр. Оған Ресейдің араласуын жоққа шығармайды.

XS
SM
MD
LG