Ссылки доступа

Twitter Ресейге байланысы бар 200 аккаунтты жапты


Twitter компаниясы Ресеймен байланысы бар 200 аккаунтты уақытша жапты. Олардың ішінде 22 аккаунт Facebook'те де бар болып шықты.

АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде Ресейдің жалған ақпарат тарату үшін бірнеше аккаунт және интернет-боттар қолданғанын Twitter өкілдері сенаттың барлау жөніндегі комитетінде өткен жабық тыңдауда айтқан.

Бұл тыңдауларда белгілі болғандай, Russia Today телеарнасы 2016 жылы Twitter'де 1800-ден астам хабарламасын орналастыру үшін 274 мың доллар жұмсаған. Бұл твиттердің нақты қандай сюжеттерге арналғаны айтылмады.

Республикашыл Джеймс Ланкфордтың пікірінше, ресейлік "троллдер фабрикасы" қоғамдағы пікір-таласты одан сайын өршіте түсуге көмектескен.

XS
SM
MD
LG