Ссылки доступа

Ташкент пен Бішкек шекараның қалған 15 пайызын келістіре бастады


Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметтерінің делегациялары қырғыз-өзбек шекарасы жөніндегі келісімге енбей қалған шекара бөлігінің мәртебесін анықтауға кірісті. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, жұмыс тобының келіссөздері 21-27 қыркүйек аралығында Баткенде өткен. Соның нәтижесінде хаттама толтырылды.

​5 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Бішкекке сапары кезінде қырғыз-өзбек шекарасы жөніндегі келісімге қол қойылды. Үкімет мәліметі бойынша, келісімде 1378 шақырымға созылған шекараның 1170 шақырымының мәртебесі анықталды. Қалған 208 шақырымының мәртебесі жыл соңына дейін анықталатыны хабарланды.

28 қыркүйекте Қырғызстан парламенті келісімді мақұлдады. Бұл құжатқа Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Алмазбек Атамбаевтың Ташкентке сапары кезінде қол қояды деп жоспарланған. Бұл сапар 5 қазанда өтеді.

Бұған дейін шекараның даулы аймақтарында бірнеше мәрте жанжал шыққан.

XS
SM
MD
LG