Ссылки доступа

Шымкентте "асылып өлген мұғалім" ісі бойынша тергеу жүріп жатыр


"Шымкенттің іргесіндегі Мәртөбе ауылында №27 жалпы орта мектептің шатырында асылып өлген мұғалім ісі бойынша тергеу жүріп жатыр" деп хабарлайды Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Оның айтуынша, мұғалімнің асылып қалу оқиғасы Қаратау аудандық полиция бөліміне 26 қыркүйек күні кешке тіркелген.

- Мектеп шатырында асылып қалған 58 жастағы мұғалім осы мектепте математика пәнінен сабақ береді, Мәртөбе ауылының тұрғыны. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді Салтанат Қаракөзова.

Баспасөз хатшысы мұғалімнің мектеп шатырында не себепті асылып қалғаны жөнінде алдын-ала болжамдар бар болғанымен, тергеу құпиялығына байланысты айтылмайтынын жеткізді.

XS
SM
MD
LG