Ссылки доступа

АҚШ сенаты Джон Хантсманды Ресейдегі елші қызметіне бекітті


АҚШ сенаты Джон Хантсманның Ресейдегі елші қызметіне үміткерлігін бекітті.

Ютаның бұрынғы губернаторы республикашыл Джон Хантсман Мәскеудегі елші қызметіне наурыз айында тағайындалған еді. Ақ үй оның үміткерлігін Сенаттың мақұлдауына жолдардан бұрын, Мәскеудің шешімін күткен. Кремль Хантсманды, Ақ үй ресейлік елші Анатолий Антоновты мақұлдады. Бұл мәселе Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Гамбургте "Үлкен жиырмалық" саммитіндегі кездесуінде шешілген.

Сенаттағы тыңдауларда сөйлеген сөзінде Хантсман Ресейдің Еуропа қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеді. Бұған қоса ол АҚШ-тағы президенттік сайлауға Мәскеудің ықпалы болды деді. Бұл мәселені ол ресейлік билік алдында көтеруге дайын.

Хантсман бұған дейін АҚШ-тың Сингапурдегі және Қытайдағы елшісі болған. 2012 жылы ол президенттің сайлауға түсті. Хантсман отбасы Ресейде коммерциялық мүддесі бар ірі химиялық кәсіпорындарға иелік етеді.

XS
SM
MD
LG