Ссылки доступа

Ташкенттік адвокаттар диссидент жазушы Нурилло Отахановты қорғаудан бас тартты (видео)


Узбекский писатель, вернувшийся в Узбекистан, поверив словам Мирзияева, содержится в Таштюрьме
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

Бірнеше адвокат Ташкент әуежайында ұсталған жазушы Нурилло Отахановтың құқығын сотта қорғаудан бас тартты. Қазір ол абақтыда отыр. Өзбекстанның жазушылар одағы Отахановты ұйымнан шығарып тастады. Жазушыға қатысты "Өзбекстанның конституциялық құрылымына қауіп төндірді" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жазушының жұбайы Гүлнәр Отаханованың хабарлауынша, адвокаттар бұл істі алуға қорқып отыр. "Екі-үш адвокат бұл істі алғаны үшін биліктен жаза алуы мүмкін екендігін айтты", - деді ол.

Оның айтуынша, Ташкент қаласы Яшнабад облысы ішкі істер департаментінің тергеушісі Музаффар Каримов жазушының Түркияда басып шығарған «Бу кунлар» («Бұл күндерЭ») кітабы мен компьютерін алып қойған.

"Дін істері жөніндегі комитет сарапшыларының қорытындысында "Бу кунлар" кітабы экстремистік идеяны насихаттаушы әбедиетке жатқызғаны айтылады. Заңгерлер тәуелсіз сараптама қорытындысы қажет екендігін айтты", - деді Отаханова.

Мәліметтерге қарағанда, өзбек жазушысына қатысты қылмыстық іс биыл 11 наурызда қозғалып, оған іздеу жарияланған.

63 жастағы жазушы Нурилло Отаханов екі жыл Түркияда тұруға мәжбүр болды. Жазушы кітабында Өзбекстанның тәуелсіз жылдардағы дамуын сынаған.

XS
SM
MD
LG