Ссылки доступа

"ИМ" Сирия қаласын басып алды


"Ислам мемлекеті" террористік ұйымы Сирияның әл- Карьятайн қаласын бақылауына алған. Бұл жөнінде Адам құқықтары жөніндегі сириялық бақылау орталығы хабарлайды. Бұл хабарды жергілікті журналистер әлуеметтік желілерде растап жатыр.

Пальмираның оңтүстік-батысында орналасқан қала үкімет әскерінің бақылауында болған.

Кейбір ақпаратқа қарағанда, қалаға исламшылдардың "ұйқыдағы ұясы" әрекет еткен. Басып алу жиһадшылардың Дейр-эз-Зор қалада Сирия әскеріне қарсы шабуыл жасауымен сәйкес келген.

XS
SM
MD
LG