Ссылки доступа

Трамп: Пхеньянмен келіссөзге талпыну - уақытты зая кетіру


АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонға Пхеньянның ядролық және зымыран бағдарламасына қатысты Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізбек болып, уақытын зая кетіріп жүргенін айтты.

"Мен біздің тамаша мемлекеттік хатшымыз Рекс Тиллерсонға кішкентай зымыран адаммен келіссөз жүргізуге талпынып, уақытын босқа шығындап жүргенін айттым" деп жазды Трамп 1 қазанда Twitter-де Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Инді меңзеп.

Трамп тағы бір твитінде "Рекс, күшіңді сақта, біз істелінуі тиіс нірсені істейміз" деп жазды. Бірақ ол нақты нені меңзеп тұрғанын айтпады.

Трамптан бір күн бұрын Тиллерсон АҚШ билігінде "Пхеньянмен байланыс орнату желілері" барын мәлімдеген. Соңғы уақытта Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық зымыран бағдарламаларына қатысты шиеленіс күшейіп барады.

Екі ел басшылары бір-біріне қатысты доқ көрсетіп, қатқыл мәлімдемелер жасап жатыр. Қыркүйекте Солтүстік Корея қуатты сутегі бомбасын сынаған соң БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қарсы санкция салған.

XS
SM
MD
LG