Ссылки доступа

Каталония тұрғындарының 90 пайызы Испаниядан тәуелсіз болуды қалайды


Каталония тәуелсіздігі үшін референдумға қатысушылардың 90 пайызы дауыс берді. Бұл туралы дүйсенбі күні калалон үкіметінің ресми өкілі Жорди Турулль баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Reuters.

Оның айтуынша, референдумға 2,3 миллион адам қатысқан. Солардың екі миллионы Каталонияның Испаниядан бөлінуі үшін дауыс берсе, 176 мыңы – тәуелсіздікке қарсы шықты.

Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемонның мәлімдеуінше, аймақ тұрғындары мемлекеттен тәуелсіз болу құқығын жеңіп алды. Ол дауыс беруді заңды деп атап, жақын күндері оны нәтижелерін парламентке беруге уәде етті.

Испания премьері Мариано Рахой ешқандай референдум болған жоқ деп мәлімдеді. Каталониядағы жаппай тәртіпсіздіктерге Рахой автономия үкіметі кінәлі деп атады. Соңғы мәліметтер бойынша, полициямен қақтығыстардан 844 адам зардап шекті. Испания ІІМ 12 адам жараланды деп хабарлады. Каталония билігі Еуроодақтан көмек сұрады.

Каталония тәуелсіздігі туралы референдум 1 қазанда өтті. Мадрид дауысқа салуға рұқсат бермеді. Испания Конституциялық соты референдумды заңсыз деп таныған.

XS
SM
MD
LG