Ссылки доступа

Атамбаев: Сайлау кезінде жағдайды ұшықтыруға талпынғандар қатаң жазаланады


"Президенттік сайлау кезінде жағдайды ұшықтыруға талпынғандар қатты жазаланады", - деп мәлімдеді қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев 2 қазанда елдің Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, жиналыста президенттік сайлауға дайындық қарсаңындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланған.

"Бізге қазір елде бейбітшілік пен келісім өте маңызды. Біз қоғамға өте маңызды кезеңде ешқандай арандатушылыққа жол бермеуіміз керек", - деді Атамбаев.

Еске салайық, 30 қыркүйекте Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Жогорку Кенештің "Қырғызстан" фракциясы депутаты Канатбек Исаевті ұстады.

XS
SM
MD
LG