Ссылки доступа

Тәжікстанның президент әкімшілігі мемлекеттік мекеме басшыларын қарапайым болуға шақырды


Тәжікстанның атқарушы президент аппараты жергілікті әкімшіліктер мен мемлекеттік мекеме басшыларын қарапайым болуға шақырды.

Тәжікстан ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз хатшысы Ёкубджон Уроковтың айтуынша, мекеме басшыларын құр мақтанмен айналыспай, өз қызметтері туралы дұрыс ақпарат беруге үндеген.

Мемлекеттік құрылымдардың ресми сайттары үнемі тексеріліп отырады. Бұған қоса хакерлік шабуылдардан сақтану шараларын қабылдау туралы кеңес берілген.

Тәжікстанда көптеген сайттар ескі платформаларда жасалған. Бұған қоса ресми құжаттар алмасатын электронды пошталарды жаңалау қажет.

Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметкерлері мекемелердегі бюрократия салдарынан ақпарат кешігіп жарияланады. Ресми ақпарат басшылықтың келісімінсіз жарияланбайды. Кейде оны мақұлдауға бірнеше күн кетеді.

XS
SM
MD
LG